From Wikipedia, the free encyclopedia
Мәкілқожа Иманәліұлы Құланбаев (22 наурыз 1926 жыл Алматы облысы, Жамбыл ауданы – 27 тамыз 1993 жыл Алматы) — кеңестік және қазақ кино және театр актері. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Найман тайпасының Қаратай руынан.
Алматы театр училищесін (1945) бітірген соң Қызылорда облыстық қазақ драма театры труппасында қызмет атқарды. 1948 жылдан қазіргі Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры құрамында еңбек етті.
Алғашқы рөлі Қуыршақ сатушыны (А.Толстой, “Алтын кілт”) ойнап, актерлік талантын танытты. Құланбаев театр сахнасында Есен, Назарбек (М.Әуезов, “Еңлік – Кебек”, “Алуа”, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы, 1984), Әбутәліп (С.Мұқанов, “Мөлдір махаббат”), Қоңқай (Ғ.Мүсірепов, “Ақан сері – Ақтоқты”), Махамбет (Ә.Әлімжанов, “Махамбеттің жебесі” бойынша), әл-Фараби (Ш.Хұсайынов пен О.Бодықов, осы аттас спектакльде), т.б. рөлдерді сахнаға шығарды. Кинофильмдерде ойнаған рөлдері: Бала (“Райхан”), Қаратай (“Менің атым Қожа”, 1963), Ыдырыс (“Балалық шаққа саяхат”, 1969), Ермат (“Алтын күз”, 1978), Генерал-майор (“Қала қалқаны”, 1979), т.б. Құланбаев Қазақ радиосында радио-қойылымдарға қатысып, балаларға арналған “Ойлан тап” атты радио ойынында Жұмбақ атай бейнесін жасады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.